Елордада пойыз вагоны өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада пойыз вагоны өртеніп кетті

20.11.2020

Елордада теміржол қызметкерлерін таситын арнайы пойыздың вагоны өртеніп кетті. Оқыс оқиға кеше таңғы уақытта болған. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, қызыл жалынды ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бірақ, өрттің күшті болғаны сонша көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Амангелді Сейітхан


Елорда пойыз вагоны өрт теміржол Өрт сөндірушілер вагон

Хабарламаларға жазылу