Маңғышлақ-Ақтөбе пойызының жүк вагоны өртеніп кетті

14.12.2020

Маңғыстауда жолаушылар пойызында газ баллоны жарылып, 5 адам зардап шекті. Төтенше оқиға бүгін таңғы 4.30-да болды. Бейнеу ауданынан 80 шақырым жерде Маңғышлақ-Ақтөбе пойызының жүк вагонында 5 литрлік газ баллон жарылған. Салдарынан 2 жолсерік, инкассатор мен «Қазпошта» қызметкері және оның 10 жасар ұлы зардап шекті. Денелерін күйік шалған науқастар Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Екеуінің жағдайы ауыр, ал үшеуі аса ауыр халде. Олардың жүк тасымалдайтын вагонға қалай отырғаны әзірге белгісіз. Ал өртенген вагон «Қазпоштаға» тиесілі. 

Аягөз Оралбайқызы

Маңғыстау пойыз өртенді

Хабарламаларға жазылу