Елордада 2 үй өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 2 үй өртеніп кетті

05.06.2020

Елордада жер үйде өрт шықты. Тілсіз жау жатақхана ретінде жалға берілген көрші ғимаратты да шарпыған. Абырой болғанда, қайғылы оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алайда, отқа оранған жатақхананың 130-дай тұрғыны бар жиған-тергенінен айрылып, далада қалып қойды.

Өрт. Тілсіз жау жер үйден шыққан. Желдің ұйытқуымен от іргелес тұрған ғимартқа тиіп, мына тұрған 40 бөлмелік жатақхананы күлге айналдырды. Тұрғындар оттың тұтануына газ баллонның жарылуы себеп деп отыр.

Жатақхана иесі шарасыз. Үйін жалға алушылардың мүлкін есептемегенде 20 миллион теңге шығын шеккен.

Әкімдіктің қолдауымен баспанасыз қалғандар он күнге қонақ үйге орналастырылды. Жергілікті билік азаматтардың құжаттарын рәсімдеп беруге ғана көмектеседі. Ал балалары мен үлкендердің денсаулығына алаңдаған халық арықарай не жоспарларын білмей дал.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу