ОПЕК+ елдері келісімге келмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК+ елдері келісімге келмеді

18.11.2020

ОПЕК+ елдері келер жылғы мұнай өндіру деңгейін қысқарту бойынша келісімге келе алмады. Сол себепті қазір қара алтын нарығы құбылып тұр. Ұйымға мүше елдердің министрлері енді 1 желтоқсанда өтетін жиында бір шешімге келуі мүмкін. Алайда әлемдегі эпидемиологиялық ахуал қара алтын нарығында жағдайды қайта өзгертуі мүмкін дейді сарапшылар. Алдымен Еуропа мен АҚШ-та карантин күшеюі мүмкін деп, мұнай өндірісін келер жылдың бірінші тоқсанында дәл осы көлемде сақтап қалуды ұсынған. Дегенмен Pfizer вакцинасы сынақтан сәтті өткеннен кейін қатысушылар бұл шешімді кейінге қалдыруды ұйғарды.  

Бүгін брент баррелінің бағасы шамамен 45 долларды, ал WTI 41 долларды құрады.

Ақерке Бектас 


ОПЕК+ мұнай өндіру

Хабарламаларға жазылу