«ОПЕК» елдері мұнай өндірісін қысқартуға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ОПЕК» елдері мұнай өндірісін қысқартуға кірісті

04.12.2016
Аталған ұйымға мүше елдер өндірілетін мұнайдың мөлшерін соңғы сегіз жыл бойы тек арттырумен келген. Мұнай бағасының мардымсыз деңгейге түсуі алпауыт елдерді де енді шындап ойландыра бастаса керек. Кейінгі он жылда «ОПЕК» мүшелерінің ортақ келісімге келіп отырғаны – осы.

Тек Иран ғана өндіретін мұнай көлемін қысқартқан жоқ. «ОПЕК» отырысы нәтижесін бірден көрсетті. Мұнайдың бір баррелінің бағасы 50 доллардан асты. Бұл – бізге де, өзгелерге де қолайлы деңгей.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу