Мұнай өндірісін қысқарту мәселесі қарастырылады

30.11.2020

Бүгін ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тағы 3-4 ай бойы қысқарту немесе оны қаңтардан бастап біртіндеп арттыру мәселесін қарастырады. Дегенмен, Қазақстан бұл шикізатты шығаруды келесі жылы да азайтуға қарсы. Сондықтан, бүгінгі кездесу де қиын болады. Мұны ОПЕК-ке сілтеме жасап «Рейтер» агенттігі хабарлады. 

Айта кетсек, коронавирус пандемиясының екінші толқыны күшейіп келе жатқандықтан, қазір әлемде энергетикалық отынға сұраныс азайып барады. Осыған байланысты бүгінде ОПЕК көмірсутегі өндірісін шектеу проблемасын қарастырып жатыр.

Арыстан Рысбек

ОПЕК мұнай

Хабарламаларға жазылу