Атырауда 4 көппәтерлі үйдің тұрғындары жылусыз қалды

18.11.2020

Атыраудағы Нұрсая ықшам ауданында құбыр жарылып, әрқайсысы 30 пәтерлік 4 үйдің тұрғындары жылусыз қалды. Апат таңертеңгілік уақытта болды. Сол сәтте ыстық су көшеге атқылап, айналаға жайылған. Суды соруға 4 вакуум тартылды. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып келеді.

Жанат Ақдәулетова, тұрғын:
Таңда тұрсам, салқын болып кетті. 2012 жылдан бері осы мәселе шешілмей келеді. 
Кенжебек Қамаладенов, қалалық ТҮКШ басшысының орынбасары:
4 үй жылудан ажыратылды. Аталған 4 үйдің жылу құбырынан ақаулар орын алып, қазіргі уақытта қарап жатырмыз.

Жандос Темірғали

Атырау

Хабарламаларға жазылу