Алматыда арнайы операция барысында күдікті Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтері тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда арнайы операция барысында күдікті Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтері тексерілді

20.07.2016
Алматыда арнайы операция барысында күдікті Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтері тексерілді

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің арнайы жасағы жедел-іздестіру барысында таңғы 08:00-де Медеу ауданындағы Гоголь - Зенков, Мақатаев - Абдуллин көшелерінің шаршысын қоршауға алды. Руслан Күлекбаевтың заңға қайшы әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында полиция қызметкерлері қылмыскердің соңғы кездері тұрған жалдамалы пәтерін анықтаған. Оны тексеру барысында көппәтерлі үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, іргелес аумақтар қоршалды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу