Бір тәулікте 6 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте 6 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

22.07.2021

 Елде эпидахуал өте күрделі. Вирустың таралуы бойынша жасыл аймақта бірде бір өңір қалмады. 15 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар: Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал, Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта.

Індетке шалдыққандар саны бір аптадан бері 5 мыңнан азаймай тұр. Кеше тағы 5708 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша, індет жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 34 адам шалдығып, 13 науқас көз жұмған. 70 адам емделіп шықты. Ал, екпенің бірінші компонентін алғандар саны 5 млн-нан асты.


Хабарламаларға жазылу