Алтай қаласы карантинге жабылды
Шығыс Қазақстанда тағы бір қала карантинге жабылды. Алтай шаһарының кіреберіс жолдарына санитарлық бекеттер қойылды. Өйткені соңғы бір аптада бұл жақта індетке шалдыққандар саны күрт көбейген.
Берік Көшербай, тілші:
Шығыста індет өршіп тұр. Алтай ауданында соңғы тәулікте 30 адамнан кесел анықталды. Жалпы, бүгінде аудан бойынша вирус жұқтырғандар саны 825-ке жетті. Сондықтан Алтай қаласына кіріп-шыққандарды бақылау үшін екі жерде санитарлық бекет қойылды. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «қызыл аймаққа» еңген. Індетке шалдыққандар саны азаймай тұрған соң өңірде шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылған. Қоғамдық орында бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және өзге де санитарлық талаптардың орындалуын тексеру үшін күнделікті рейдтер жүргізілуде. Қазір облыс бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 14 мыңға жуықтап қалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03