Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы өзгерді
Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы өзгерді, енді «Қазақстанның халық партиясы» деп аталады.
Қаңтарда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына орай партиялар әрекетке көшкен сияқты. Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров аптада өткен съезінде «Біз үшін 7 пайыздық кедергіден өту мүлдем қиын емес. Біз Парламенттен мүмкіндігінше көбірек орын аламыз деп үміттенеміз. Өйткені бүкіл әлемде солшылдар саясаты өзекті болып барады. Менің ойымша, Қазақстан да осыдан тыс қалмайды. Экономикалық жағдай қазір күрт нашарлап бара жатқанын ескерсек, адамдар неге олай болып жатыр деп ойлана бастайды», – деген.
Ол мұнайдан түсетін қаражат есебінен әлеуметтік салаларды қолдауға болатын «майшелпек жылдар» келмеске кеткенін атап өтті.
«Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеру - коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, партияның әлеуметтік мәселелерге көп мән беруіне байланысты» -дейді бұл партияның жетекшілері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18