ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы өтті

15.11.2020

Бейнеконференция форматында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысында Президент Қ.Тоқаев коронавирус пандемиясының зардаптарына тоқталды - БҰҰ-ның деректеріне сәйкес әлемдік экономика жыл қорытындысы бойынша 4,4 процентке түседі, халықаралық туризм деңгейі 70 процентке төмендейді және тікелей инвестиция тарту көлемі 40 процентке дейін құлдырайды. 

Мемлекет басшысының пікірінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы күш-жігерді үйлестіру тұрғысынан өз деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

-Өзара гуманитарлық көмек пен эпидемиолог мамандардың жіберілуі елдеріміздегі ахуалды тұрақтандыруға септігін тигізді деп, Эпидемия қаупіне қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимылдың кешенді жоспарының бекітілуін жоғары бағалады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аясында Аурулар мен биоқауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру туралы Қазақстан бастамасының маңызды екенін атап өтті.

Президент тоқталған мәселелерлің кей тармағына Досжан Маратұлы тоқталады.


Шанхай ынтымақтастық ұйымы Кеңес

Хабарламаларға жазылу