ШЫҰ саммиті 11-12 қыркүйек күндері Душанбеде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ саммиті 11-12 қыркүйек күндері Душанбеде өтеді

01.08.2014
ШЫҰ саммиті 11-12 қыркүйек күндері Душанбеде өтеді

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммиті 11-12 қыркүйек күндері Душанбеде өтеді.

Бұл туралы ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындысына орай таратылған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Душанбеде өтетін ШЫҰ-ға  мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің алдағы отырысына дайындық аясында ұйым қызметінің түрлі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдарды одан ары жетілдіру және дамытудың кең ауқымды мәселелері қаралды»,  делінген құжатта.

ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысында әлемдегі және ұйым кеңістігіндегі ахуалдың өрбуіне, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасу өрбіді.  

Сонымен қатар, ШЫҰ-ның мүдделі мемлекеттермен, басқа да халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен байланысын кеңейту жайы қозғалды.

Хабарламаларға жазылу