Жаңа қаулы: Елорда мектептерінде екінші тоқсанда оқу ережелеріне өзгеріс енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа қаулы: Елорда мектептерінде екінші тоқсанда оқу ережелеріне өзгеріс енгізілді

15.11.2020

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 коронавирусы 630 адамға жұққаны тестпен расталды. Ең көп науқас тағы да Шығыс Қазақстан облысында – 236 адам тіркелген. Мына облыстарда көбірек анықталды: Солтүстік Қазақстан облысында – 54, Қостанай облысында -52, Павлодар облысында -50. Нұр-Сұлтанда – 48, Алматыда- 45, Батыс Қазақстан облысында -40.     

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталғандар саны 120 463. Қайтыс болғандар 1899. Жазда коронавирус белгісі бар пневмониядан өте көп адамның қайтыс болғаны белгілі. Бірақ ол кезде коронавирус белгісі бар пневмония бойынша есеп жүргізілген жоқ. Ал тамыздан бері хатталып келе жатқан сол пневмония бойынша өткен тәулікте 226 адам тіркелген. 2 адам қайтыс болған. Тамыздан бері жалпы тіркелгені 40 149. 418 адам қайтыс болған. Біздегі екі бөлек берілетін деректі қоссақ, елімізде ресми дерек бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны – 160 612.

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шыққан – ата-аналардың өтініші бойынша мектепке барып кезекші сыныптарда 1 мен 4 ғана емес, 5-сыныптың оқушылары, халықаралық мектептерде тіпті 6-7 сыныптың оқушылары оқи алады. Сыныпта 15 баладан артық болмауы тиіс.


қаулы екінші тоқсан мектеп мемлекеттік санитарлық дәрігер

Хабарламаларға жазылу