Қарабақтағы армяндар үйлерін өртеп кетіп жатыр

13.11.2020

Таулы Қарабақтың Келбаджар ауданында тұратын армяндар үйлерін өртеп, жаппай көшіп жатыр. Олар баспаналары мен мүліктерінің әзірбайжандықтарға қалғанын қаламайды. Солтүстік бағыттағы жолдар жүк көліктерінің легіне толы. Үш жақты келісімге сәйкес, аталған аудан қарашаның 15-де Әзірбайжанның бақылауына өтеді. Ресми Бакудың хабарлауынша, көшуден бас тартқан армяндар енді Әзірбайжан азаматтығын қабылдап, мемлекет заңдарына бағынуы тиіс.

Тұрғындармен қатар, Армения өңірден сарбаздарын да әкетіп жатыр. Сонымен қатар, екі тарап арасында тұтқынға түскендермен алмасу операциялары жүруде. Ал Ресей мен Түркия бейбіт келісім талаптарының сақталуын қадағалау үшін тағы бітімгерлерін жіберді. Соңғы түскен мәліметке сәйкес, екі ел аталған миссияға 1960 сарбаздан жөнелтуді жоспарлап отыр.

Жансая Қапасқызы

Таулы Қарабақ

Хабарламаларға жазылу