Францияда мигранттар шатырларын өртеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда мигранттар шатырларын өртеп жатыр

02.03.2016
Францияда мигранттар шатырларын өртеп жатыр
«Құрайт» деп аталып кеткен орталықтың мекендеушілері үйлерін полициядан бұрын жоюды шешкен.

Францияның Кале порттық қаласы маңындағы мигранттар лагерьдің бұзылуына қарсы шығып, шатырларын өртеп жатыр.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, «Құрайт» деп аталып кеткен орталықтың мекендеушілері үйлерін полициядан бұрын жоюды шешкен екен.

Кейбір мәліметтерге сай, қазір лагерьдің оңтүстік бөлігінде 1 мыңдай, ал, солтүстігінде 3 жарым мың мигрант тұрады.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу