Әлемнің техникалық бағыттағы үздік кітаптары қазақ тіліне аударылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің техникалық бағыттағы үздік кітаптары қазақ тіліне аударылады

13.11.2020

«Рухани жаңғыру» аясында техникалық бағыттағы әлемдегі үздік кітаптар қазақ тіліне аударылады. Сондай-ақ балаларға арналған танымал шығармалар да тәржімаланады. 

Қазір бұл жұмысты жүзеге асыру үшін жоспар әзірленіп жатыр. Ал осыған дейін жастарға арналған әлемдік бестселлер саналатын 100 кітап аударылған. Жалпы, Елбасы тапсырмасымен қолға алынған бағдарламаның игілігі көп. Мәселен, «Туған жер» жобасы бойынша 12 мың азамат өз ауылына көмектесіп, 270 миллиард теңге инвестиция құйған. Соның арқасында 5 маңға жуық әлеуметтік нысан жөндеуден өткен.

Нұрлан Күнтуов, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үйлестіру департаментінің директоры:
Биылғы жылы біз пандемияға байланысты адамның жеке қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа арнайы жобаларды қостық. Пандемия кезінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы прагматизм, білімнің салтанат құруы сияқты қағидалардың маңызды екенін түсіндік.

Амангелді Сейітхан

Рухани жаңғыру кітап

Хабарламаларға жазылу