Басты Жаңалықтар Қазақстандықтар ақшасын қай банкте сақтайды

Қазақстандықтар ақшасын қай банкте сақтайды

Қазақстандықтар ақшасын қай банкте сақтайды

Қыркүйектің соңында елдегі банктердегі депозиттер көлемі 20,64 трлн теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 2,9%-ға, жыл басымен салыстырғанда 14,8%-ға көп, ал бір жыл бұрынғыдан 21,5%-ға артық.

Finprom.kz мониторингтік агенттігінің мәліметіне сүйенсек, корпоративтік салымдармен қатар, банктердегі бөлшек салымдар бойынша да өсім бар. Мәселен, бір айда бизнес салымдары 4%-ға артып, 10,28 трлн теңгеге дейін жетті. Ал халықтың депозиті бір айда 1,8%-ға өсіп, 10,36 трлн теңге болды.

Айлық көрсеткіш бойынша, ең көп салым салынған банк - ForteBank. Өсім 6,5%. Жалпы сомасы 1,48 трлн теңге. Осы айда бұл банктегі бизнес салымдар 9,5%-ға артып, 922,6 млрд теңгеге жетті. Азаматтардың жеке депозиттерінің үлесі де 1,9%-ға өсіп, 557,4 млрд теңгені құрады.

Екінші орында «Сбербанк» тұр. Салым көлемі 1,96 трлн теңгеге (+6,3%) дейін өскен. Атап айтқанда, бөлшек салым - 3%-ға, корпоративтік салым - 9,2%-ға артқан.

Үздік үштікті «Ситибанк Қазақстан» түйіндейді. Бұл банктегі салымдардың барлығы 858,9 млрд теңге болған. Өсім 5,5%. Корпоративтік салымдар бір жыл ішінде 5,6%-ға өскен. Ал бөлшек салымдар керісінше, 7,6%-ға кеміген. 

Жалпы, бір айда ТОП-10 банктің 8-і оң көрсеткіш көрсеткен. 

Бөлісу