Қызылордада волонтерлар жарамсыз компьютерлерді кәдеге жаратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада волонтерлар жарамсыз компьютерлерді кәдеге жаратты

11.11.2020

Қызылордада IT саласының білгірлері игі іске ұйытқы болды. Олар істен шыққан 70 компьютерді жөндеп, көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларға табыстады. 

Жастар ресурстық орталығының бұл бастамасына аймақтағы мекемелер, банктер және қарапайым тұрғындар қолдау білдіріп, 100-ден аса ескі компьютерін өткізген. Құр жатқан құрылғыларды жас мамандар қайта кәдеге жаратып, іске қосты. Осылайша IT волонтерлар қашықтан оқуда қиындыққа тап болған отбасыларға компьтерлерді сыйға тартып, балаларды қуанышқа бөледі. Жалпы белсенді жастар жыл аяғына дейін тағы 30 ескі құрылғыны жөндеп бермекші.

Гүлмира Тасжүрекова, қала тұрғыны: 
-Қолдарынан келгенін, жөндеп беріп және бір жыл көмектерін ұсынамыз деді. Алғысым шексіз, балаларым үшін өте қуаныштымын.

Әділбек Серікұлы

Қызылорда IT компьютер

Хабарламаларға жазылу