Қызылордада волонтерлар су басқан өңірлерге жылу жинауды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада волонтерлар су басқан өңірлерге жылу жинауды бастады

29.03.2024

Қызылордада волонтерлар қозғалысы қарғын су жайылған өңірлерге көмек қолын созу үшін аймақ жұртшылығына үндеу жолдады. Еліміздегі жағдайға бей-жай қарамаған жастар республика көлемінде «biz bіrgemiz» акциясын қолға алуда. Алғашқылардың бірі болып қызылордалық еріктілер Ақтөбе мен Қостанай облысындағы қарғын судан зардап шеккен тұрғындарға жылу жинауды бастады. Қазір аймақтың барлық аудандарында арнайы фронт-офистер жұмысын жандандырды. Бүгінде облыста волонтерлар қозалысына 2 мыңға жуық адам тіркелген.

Болатбек Айтбенбетов, облыстық волонтерлар фронт-офисінің жетекшісі:

Бүгінгі күні бізде көптеген жерлестеріміз хабарласып қаржылай көмек беруді ұсынып жатыр. Ауданнан да, қаладан да бар. Сол бойынша бірер сәттерде республикалық бірыңғай есеп-шот ақпараты берілуі керек. Соны берген кезде біз әлеуметтік желіге жариялап, сол қаржыны сол жаққа жинау жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу