Шығыс Қазақстанда дауылдан зақымданған нысандар жөнделуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда дауылдан зақымданған нысандар жөнделуде

10.11.2020

Семейде қатты желдің салдарынан жеңіл көлікке бетон баған құлаған. Абырой болғанда адам зардап шеккен жоқ. 

Ал Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданындағы кешегі дауылдан зақымданған нысандарды жөндеуге 10 мердігер мекеме жұмылдырылды. Осы өңірдегі жеке кәсіпкерлер мен шаруашылық иелері де табиғи апаттан зардап шеккендерге қаржылай және құрылыс материалымен көмектесіп жатыр. Қатты жел Зайсан қаласындағы орта мектеп шатырының да бір бөлігін ұшырып кеткен. Дауылдың салдарынан бірнеше ауылдағы жекелеген үйлердің шатыры мен қоршауына да зақым келген. Ең бастысы мал жан-аман. Ал нақты шығынның мөлшерін арнайы комиссия анықтайды.

Берік Көшербай 


Шығыс Қазақстан дауыл

Хабарламаларға жазылу