Өскеменде апатты жағдайда қоған Ан-2 ұшағының екінші пилоты дәрігерлер бақылауында

27.02.2020

Кеше Өскемен маңына апаттық жағдайда қонған ұшақтағы екінші пилот дәрігерлер бақылауында. Мамандардың айтуынша, оның бұғанасы зақымданған. Қазір жағдайы қалыпты. Кеше Шығыс Қазақстанда Ан-2 ұшағының қозғалтқышынан ақау шығып, мәжбүрлі түрде қонғанын айтқан болатынбыз. Адамдардың бәрі дін аман. Санитарлық авиацияның дәрігерлері Тарбағатай ауданынан 4-айлық баланы Өскеменге әкелу үшін жолға шыққан болатын. Кейін белгілі болғандай, нәрестені облыс орталығына көлікпен жеткізу шешімі қабылданды.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу