Өскеменде тағы бір жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде тағы бір жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылады

16.09.2020

Шығыс Қазақстанда коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ауруханаларда барлығы 7 мыңнан астам төсек орын әзірленген. Жақын арада Өскемен қаласында тағы бір жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылады. Бұл үшін бұрынғы медициналық жедел-жәрдем ауруханасы бастан-аяқ жөнделуде. Қазір ғимаратқа жаңа пластик терезелер мен есіктер қойылған. Электр желілерімен жабдықтау жұмыстары аяқталып қалған. Қазан айында ашылатын бөлімшеде зерттеулерге арналған ПТР зертханалары болады. Сонымен қатар жылжымалы рентген аппараттарымен және компьютерлік томографиямен жабдықталады. 

Елжан Қайыртаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Коронавирус толқыны аяқталған соң ол жер алдағы уақытта пульмонологиялық орталыққа айналады. Қаладағы 4-ші аурухананың қарамағында болады деген ойдамыз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу