Зейнет жасын төмендету туралы депутаттың бастамасына Үкімет жауап берді
Қазақстан Үкіметі зейнет жасын көтеру мәселесін қарастырмайды. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті. Таратылған ақпаратта «Халықтық коммунистер» франкциясының зейнет жасын төмендету ұсынылған депутаттық сауалына берілген жауапта 2018 жылы күшіне енген қолданыстағы зейнетақымен қамту жүйесіне түсіндірме берілгендігі айтылған.
Бұл ретте еңбек нарығында қалыптасып отырған әлемдік трендтер, сондай-ақ түрлі елдердегі демографиялық үрдістер мысал ретінде келтірілді.
«Премьер-Министрдің берген жауабында Қазақстанда зейнет жасын одан әрі арттыру туралы ештеңе айтылмаған, себебі мұндай мәселе бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған жоқ. Осылайша, елімізде зейнет жасын арттыру көзделгені туралы кейбір БАҚ-та таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деді Үкіметтің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02