Полицейлер бір күнде екі рет суицид жасамақ болған жігітті құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер бір күнде екі рет суицид жасамақ болған жігітті құтқарды

05.11.2020

Нұр-Сұлтандық полицейлер бір күнде екі рет суицид жасамақ болған жігітті құтқарып қалды. Оқиға түскі екі жарым кезінде Алаш тас жолы бойындағы көпірде болған. Алдымен биіктен секірмек болған жігітті сол жерден өтіп бара жатқан жолаушы құтқарған. Ал, екінші мәрте оқталғанда оқиға орнына жедел жеткен полицейлер Данабек Сағындық пен Нұрбол Нұржігітов жігітті қолынан ұстап үлгереді.  

Данабек Сағындық, қалалық полиция департаментінің аға лейтенанты: 
-Оның кәмелет жасқа толғанын, 1999 жылғы екенін анықталды. Мән-жайды түсініп келсек, қиналғанмын дейді. Әлеуметтік жағынан, психологиялық жағынан көмек көрсертіліп жатыр.   

Амангелді Сейітхан


Полицей суицид

Хабарламаларға жазылу