Бүгін - көрнекті қазақ жазушысы, аудармашы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Берік Шаханұлының туған күні.
Берік Шаханұлы 1941 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туған. Сарысу ауданының құрметті азаматы.
«Ғашықтың тілі» (1973), «Ақ иірім» (1979), «Қаратаудың самалы» (1984), «Ночь в горах» (орыс тілінде, 1987), «Көрген түстей дүние» (1989), «Құса» (1992) кітаптарының авторы.
Берік Шаханұлы Әзірбайжан жазушысы Анардың «Ақ жағалау» атты повесі мен әңгімелер жинағын, Нивхы жазушысы В.Сангидің «Қайырлы маусым» романы мен бір топ әңгімелерін қазақ тіліне аударған.