Бүгін жазушы Берік  Шаханұлының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін жазушы Берік  Шаханұлының туған күні

04.11.2016
Бүгін  жазушы Берік  Шаханұлының туған күні

5 қараша, сенбі, 2016 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

24 жыл бұрын (1992) Алматыда Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдық мерейтойына арналған театр фестивалі өтті. Фестиваль қорытындысы бойынша «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» қойылымын сахналаған Жезқазған облыстық музыкалық драма театрының ұжымы бірінші сыйлыққа ие болды.

17 жыл бұрын (1999) Көкшетау қаласында мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай хан ескерткіші ашылды.

12 жыл бұрын (2004) Қызылордадағы көшенің біріне Сағымбай Рысбаевтың есімі берілді. Ол өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары қала басшысының қызметін атқарған, маңайдағы ауылдарының біріндегі қоймада сақталған 5-6 тонна тарыны аштықтан қиналғандар арасында бөліп бергені үшін қуғын-сүргінге ұшыраған.

12 жыл бұрын (2004) Таразда республикалық жеңіл атлетикалық кросс жарысы өтті. Оған Қазақстанның сегіз облысынан 200 спортшы қатысты. Бірінші орынды Жамбыл облысының жеңіл атлеттері жеңіп алды. 

11 жыл бұрын (2005) Семей қаласындағы «Весеняя» көшесіне қазақтың белгілі саяси қайраткері, «Алаш Орда» партиясы мүшелерінің бірі Райымжан Марсековтың есімі берілді.

11 жыл бұрын (2005) «Қазақконцерт» мемлекеттік гастрольдік-концерттік бірлестігінде «Алыстағы әуен» кітабының таныстырылымы өтті. Жинаққа 100-ден астам өлеңдер кірді, оларды Қытайда тұрып жатқан қазақ композиторлары жасаған.

7 жыл бұрын (2009) Орал қаласының электрондық картасы жасалды. Оның ресми атауы - мемлекеттік қала құрылысы кадастры.

7 жыл бұрын (2009) Қазақстанда биометриялық төлқұжаттар беріле бастады. Жаңа төлқұжаттың соңғы парақшасында электронды чип бар. Онда тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні мен жері, азаматтығы, төлқұжат нөмірі, құжат берілген және жарамдылық уақыты, жеке идентификациялық нөмір, цифрлық фото мен иесінің қолтаңбасы бар. Электрондық биометриялық құжат Қазақстаннан өзге әлемнің 17 елінде бар.  

6 жыл бұрын (2010) Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында көрнекті қазақ ғалымы, саяхатшы, жазушы Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығы құрметіне көрме ашылды.

5 жыл бұрын (2011) Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында Әбілхайыр ханның үзеңгілес серіктерінің бірі Шоғы батыр Мұңалұлына ескерткіш ашылды.

4 жыл бұрын (2012) белгілі жазушы және ғалым Сырым Бөкейхановтың «Қымбатты менің алматылықтарым» кітабы шықты.

3 жыл бұрын (2013) Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек декларациясының 35 жылдығына арналған мемориалдық тақта орнатылды.

3 жыл бұрын (2013) «Аstana Рiano Рassion» жас пианиношылар байқауының финалисі Санжарәлі Көпбаев Қазақстанның «Ұлт болашағы» листингіне енгізілді.

 

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1941) жазушы Берік  ШАХАНҰЛЫ дүниеге келді.

ЮЛ

53 жыл бұрын (1963) ақын, Дүниежүзі қазақтары жыр мүшәйрасының екі дүркін жүлдегері Құл-Керім ЕЛЕМЕС дүниеге келді. 

Л№Д

52 жыл бұрын (1964) киноактриса Гүлнар Абдуллақызы  ДОСМАТОВА дүниеге келді.

м ь

103 жыл бұрын (1913-1967) ағылшын актрисасы, екі мәрте Оскар сыйлығының иегері Вивьен ЛИ (Вивьен Мэри Хартли) дүниеге келді.

ям

78 жыл бұрын (1938-1980) америкалық әнші және музыкант Джо ДАССЕН дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу