Бүгін - жазушы Сейілғазы Әбдікәрімовтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - жазушы Сейілғазы Әбдікәрімовтің туған күні

01.11.2016
Бүгін - жазушы Сейілғазы Әбдікәрімовтің туған күні

1 қараша, сейсенбі, 2016 жыл

Вегетарианшылдардың халықаралық күні
Ол етсіз тамақ жеушілер қауымдастығының 60 жылдық мерейтойына орай 1994 жылдан бастап атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

52 жыл бұрын (1964) Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының орыс труппасы құрылды.

20 жыл бұрын (1996) Алматыда бірінші халықаралық «Айналайын» жас таланттар фестивалі өтті.

19 жыл бұрын (1997) Ұланбатырда Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің ашылу салтанаты өтті.

15 жыл бұрын (2001) Оралда «051 - құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі құрылды.

12 жыл бұрын (2004) Ақтөбеде «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінің күні өтті.

11 жыл бұрын (2005) Павлодардың Шафер үйі мұражайы қазақтың музыка тарихында өзінің қолтаңбасын қалдырған атақты композитор Евгений Брусиловскийдің 100 жылдығына арнап лазерлі дискісін шығарды.

11 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысындағы ерте замандағы тұрақтарда қазба жұмыстарын жүргізген кезде бірегей заттар табылды.

10 жыл бұрын (2006) Солтүстік Қазақстан облысында елімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Кеден органдары ардагерлері кеңесінің облыстық филиалы құрылды.

6 жыл (2010) ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Халық батыры, ҚР Авиациясының генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев Құрметті легион ордені Францияның жоғары наградасына ие болды.

6 жыл бұрын (2010) Қазақстандық делегация ЮНВТО Атқарушы Кеңесінің сессиясына қатысты. Қазақстан оған 2007 жылдан бастап мүше.

4 жыл бұрын (2012) Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа ескерткіш тақта қойылды.

216 жыл бұрын (1800) АҚШ президенті Джон Адамс атқарушы дербес үйде (Ақ үй) тұратын алғашқы президент атанды.

 

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1930-2006) Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, әділет аға кеңесшісі, ішкі қызметтің генерал-майоры Долда ДОСБОЛОВ дүниеге келді.

83 жыл бұрын (1933) заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Мұрат Тәжімұратұлы БАЙМАҚАНОВ дүниеге келді.

67 жыл бұрын (1949) жазушы, драматург, Қазақстан Журналистер одағы Кәкімжан Қазыбаев атындағы сыйлығының иегері Сейілғазы ӘБДІКӘРІМОВ дүниеге келді.

ьбпр

42 жыл бұрын (1974) танымал палуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Берік Шалғымбайұлы ДЕҢГЕЛБАЕВ дүниеге келді.

31 жыл бұрын (1985) ауыр атлетикадан ҚР құрамасының мүшесі, Азия ойындарының чемпионы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Майя МАНЕЗА дүниеге келді.

прб

Хабарламаларға жазылу