Бүгін – жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының туған күні

08.12.2016
Бүгін – жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының туған күні

24 жыл бұрын (1992) ҚР Инженерлік академиясы құрылды, оның президенті болып О.Жолдасбеков тағайындалды. Қазіргі күні Ұлттық инженерлік академия Қазақстандағы ең ірі және ықпалды қоғамдық ғылыми ұйым саналады. Оның құрамында 20-дан астам ғылыми-өндіріс орталықтары жұмыс істейді.

22 жыл бұрын (1994) әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына байланысты университеттің бас ғимараты алдында әл-Фараби ескерткіші ашылды.

19 жыл бұрын (1997) Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі құрылды.

9 жыл бұрын (2007) Алматыда қоғам қайраткері Болатхан Тайжанға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы - Тимур Сүлейменов. Болатхан Тайжан (1941-2006) танымал дипломат, Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің бірінші орынбасары, Мысыр, Марокко, Тунис Алжир, Иордания, Сирия, Ливия, Малайзия елдеріндегі ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі, «Ұлт тағдыры - Ел тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалыстың төрағасы қызметтерін атқарған.

8қараша

78 жыл бұрын (1938-1984) жазушы, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ермек ҚОНАРБАЕВ дүниеге келді. Қаламгердің «Түнгі от», «Жол басы», «Қас қағым сәт», «Тиек» атты әңгімелер мен повестері жарық көрген.

74  жыл бұрын (1942) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу