Алматыда діни басқарманың төл телеарнасы ашылды

03.11.2020

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы ашылды. «Халық арна» деп аталған жаңа ақпарат құралының ашылуына Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлымен қатар ел ағалары, өнер иелері қатысты. Ресми ашылудан соң қонақтар телестудия мен редакция бөлмесін аралады. 24 сағат хабар таратуға қауқарлы телеарна қажетті мамандармен толық қамтылған. Шара соңында жиналғандар игі тілегін білдіріп, жырдан шашу шашты.   

  Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы: 
-Өзіміздің ата-бабамыздың ұстанған жолы, дәстүрі, салты деп сөз қолданыста айтып жүрміз. Сол мінеки сөз қолданыста айтып жүрген ісімізді халқымызға кеңінен телеарна арқылы жеткізу үшін осындай алаңды пайдалуға ниет қылдық. Ниетімізді қабыл етсін.  


Алматы Халық арна телеарна

Хабарламаларға жазылу