Төралқа мәжілісі: Бір жылда 77 мешіт жамағаттың игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төралқа мәжілісі: Бір жылда 77 мешіт жамағаттың игілігіне берілді

22.12.2022

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтті. Бас мүфти Наурызбай қажы жылды қорытындылады. Жиынға наиб мүфти, басқарманың бөлім басшылары мен мамандары, сондай-ақ 20 өңірдің бас имамы қатысты. Биыл діни басқарманың жанынан республикалық Ақсақалдар кеңесі ашылып, Түркістанда Түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» құрылды. Бір жылда 77 мешіт жамағаттың игілігіне берілді. Басқосуда дін мен дәстүр, рухани тәрбие, жастардың білім-ғылымға құштарлығын арттыру мақсатындағы жұмысты ілгерілету туралы айтылды. 

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу