Діни басқарманың төл телеарнасы ашылды

03.11.2020
Діни басқарманың төл телеарнасы ашылды

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен мүфтияттың «Халық арна» атты телеарнасы іске қосылды. 

«Діни басқарма жыл басынан бері негізінен қайырымдылық бағытта жұмыс істеп келеді. Дегенмен қазіргі ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, жаңалық берудің телевизиялық тәсілін өзімізден басқаруды ұйғардық. Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз. Қазіргі таңда арнаға қажетті контент жинақтау жұмыстары аяқталды. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейнероликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Мақсатымыз - дәстүрлі Исламды кеңінен насихаттау. Діннің насихаты жолында табысты арна болсын», - деді шара барысында Наурызбай қажы Тағанұлы.

24 сағат хабар таратуға қауқарлы телеарна қажетті мамандармен толық қамтылған.


Діни басқарма Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халық арна телеарна дін

Хабарламаларға жазылу