Еліміздің Бас мүфтиі сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің Бас мүфтиі сайланды

07.02.2020

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлы сайланды. Бүгін елордада басқарманың кезектен тыс ІХ құрылтайы өтіп, жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. Оның діни салада тәжірибесі мол. Осыған дейін ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу