Еуропада шектеу шаралары күшеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада шектеу шаралары күшеюі мүмкін

03.11.2020

Швейцарияда коронавирустың күрт өршуіне байланысты коменданттық сағат жарияланды. Енді тұрғындарға түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін себепсіз далаға шығуға болмайды. Елде соңғы тәулікте 22 мың адам індетке шалдыққан. Қоғамдық орындардың жұмысына тыйым салынды. Қатаң тәртіп қарашаның соңына дейін жалғасады.

Грузия премьер-министрі Георгий Гахариядан да ковид табылды. Үкімет басшысы қызметкерлерінің бірінен инфекция анықталып, қазанның 31-де карантинге кеткен еді. Қазір ол үйде ем қабылдап жатыр.

Еуропада шектеу шаралары әлі де күшеюі мүмкін. Эпидахуалдың ушығуына қарамастан, халық ережелерді бұзып отыр. Карантиин бұзылмасын деп, Германияда мыңдаған полиция қызметкері жұмысқа тартылды.

Ұлыбританияда науқастар саны артып, ауруханаларда орын жетпей жатыр. Біріккен Корольдік өлім-жітім бойынша Еуропада көш бастап тұр. Елде қарашаның 5-нен бастап екінші локдаун басталады.

Жансая Қапасқызы

еуропа коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу