4 қарашадан бастап Қарағанды облысында сыртқы шекараларға кіріп-шығуды бақылау мақсатында санитарлық бекеттер жұмыс істейді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында жазылған.
Атап айтқанда, санитарлық бекеттер Қызылорда-Павлодар тасжолы бойындағы Молодежный кенті маңында, Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск жолындағы Үміткер кенті тұсында, Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожолының 271-інші шақырымында, Кентөбе кенті маңында жұмыс істейді.
Санитарлық бекеттерде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын тексереді. Бақылау барысында термометрия және сауалнама жүргізіледі.