Қостанай облысында санитарлық бекет қойылды

06.10.2020

 Қостанай облысының Ресеймен шекарасында бүгін санитарлық бекет қойылды. Індетке тосқауыл қою мақсатындағы тексеру орн Жітіқара ауданындағы «Желқуар» өткізу пунктінде жасақталған. Мұндай қаулыны карантиндік шараларды күшейту мақсатында жергілікті жедел штаб қабылдады. Көрші елден Қазақстанға келушілер сол жерде санитарлық сауалнама толтырады және термометриялық тексерістен өтеді. Бұл пункттен күніне шекараны 100-ден астам адам кесіп өтеді. Сонымен бірге ауданда қырық орынға шақталған карантиндік стационар жұмысын қайтадан бастады.    

Юрий Севостьянов, Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Жалпылай алғанда облыстағы жағдай тұрақты. Ауруды жұқтыру көрсеткіші азаймаса көбейген жоқ. Күніне әрі кетсе 1-2 адам ғана тіркеліп отыр. Қазір індет Еуропада, Ресейде өршіп тұрғаны мәлім. Бекет ашудағы мақсат сол шетелден келетіндерді бақылауда ұстау. Облыс аумағында бұдан басқа санитарлдық бекеттер ашу әзір жоспарда жоқ. 

Дәуренбек Әбдібек


коронавирус Қостанай облысы Жітіқара

Хабарламаларға жазылу