Мақаншыдағы кісі өліміне қатысты «Азаптау» бабы бойынша іс қозғалған

01.11.2020

Соңында кішкентай қызы мен жасы үлкен анасы қалды. Әйелінің аяғы ауыр. 33 жастағы азамат аяқ астынан қаза тапты. Неге?.. Семей өңірі Мақаншы ауылының тұрғыны Азамат Оразалы мал өсірумен айналысқан. Туысқандарының айтуынша, осы айдың басында әкесінің жылын өткізбек болып, жылқы сояды, соны «көрші ауылдан ұрлағансың» деп полиция шақыртады. Ақыр соңында ауылдың полиция бөлімшесінде «мал ұрлығына күдікті ретінде жеткізілген» Азамат қаза болады. Туыстары, ауылдастары оны полиция азаптап өлтірді деп отыр. Ашуланған жұрттың қаһары шыдатсын ба, полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Азаптау» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. 

Президент өткен қыркүйекте ғана Жолдауында азаптаумен күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталып, «Адам азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін бұл құжатты азаптау мен өзге де адамдыққа жатпайтын әрекеттермен күрес жөніндегі халықаралық конвенция шарттарымен сәйкестендіру керек» деген... Семей өңірінен Ержан Жақыптың материалы.


Мақаншы Азамат Оразалы полиция өлім

Хабарламаларға жазылу