«ДАИШ» Шри-Ланкадағы алапат жарылыстарды өз мойнына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» Шри-Ланкадағы алапат жарылыстарды өз мойнына алды

23.04.2019

Айта кетсек, бомбалар жексенбі күні үш шіркеу мен төрт қонақүйде іске қосылды. Бұл шабуылдарға байланысты 40 күдікті тұтқындалды. Олардың ішінде бір сириялық бар.

Қазір қаза тапқандарды жерлеу рәсімдері өтіп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, құрбандардың 45-і – балалар.

Шри-Ланка қорғаныс министрі Руван Виджеварден бүгін парламент алдында мәлімдегендей, жүздеген адамды опат қылған жарылыстар өткен айда Жаңа Зеландияның Крайсчерч қаласында мешітке жасалған шабуыл үшін кек алу мақсатында ұйымдастырылса керек.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу