Республикалық бюджет шығындары 14,5 триллионға жетті

29.10.2020

Биыл республикалық бюджет шығындары 240 миллиард теңгеге көбейіп, 14,5 триллионға жетті. Бұл қаржы медицина қызметкерлерін қолдауға және коронавирустың екінші толқынына қарсы шараларға жұмсалады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттарі алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Сондай-ақ, Ұлттық қордан алынатын кепілді трансферттің мөлшері мақұлданды. Бірақ халық қалаулылары бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен облигациялық қарыз-қаражаттардың дұрыс игерілмеуіне алаңдаулы. Мысалы, білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу бойынша биыл жоспарланған қаржының 25 проценті игерілмеген. Ал жылдың аяқталуына небәрі 2 ай қалды. 

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: 
-2 мың жоба бар, оның 1700-і мектептердің құрылысы, орта жөндеу, күрделі жөндеу бар. Игерілуде. 9 айдың қорытындысы бойынша тоқтап айтар болсақ, бұл жерде 93 пайызы бүгінде игерілген. Жыл соңына дейін толықтай игерілетініне ешқандай күмән жоқ.  

Фариза Мұсақызы


Республикалық бюджет шығын Сенаттың жалпы отырысы

Хабарламаларға жазылу