Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды. Ресми мәліметтерге қарағанда, Тәжікстанның Ходжаи Аъло өлкесінің тұрғындары ескі су құбырларын алмастырып жатқан. Сол аралықта елді мекенге қару ұстанған 30 шақты қырғыз шекарашылары кіріп келіп, жергілікті тұрғындарға «жұмысты тоқтат» деп бұйырған. Артынша оқ жаудырған. Тұрғындар атыстан зардап шеккен жоқ. Ал көрші елдің таратқан мәліметіне сай, оқиға орнына келген қырғыз шекарашылары мемлекеттік шекараға жатпайтын учаскедегі құрылыс жұмысын тоқтатуды талап еткен. Алайда Тәжікстан азаматтары қарсылық білдіріп, дау шығарған. Жанжалдың ушығуына жол бермеу үшін Қырғызстан шекарашылары әуеге оқ атуға мәжбүр болған. Қазірекі елдің ресми өкілдері өзара келіссөз жүргізіп жатыр.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12