Сотталғандардың қолына тыйым салынған заттар қалай жетеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сотталғандардың қолына тыйым салынған заттар қалай жетеді?

25.10.2020

Әлеуметтік желіде «ағайындар туған күн тойлап, мәре-сәре болып жатыр» деген аудиожазбамен есірткі пайдаланып отырған сотталушылардың бейнежазбасы тарап, артынша жазасын өтеушілер отырған Алматы облысындағы ЛА-155/8 түзету мекемесінің бастығы қызметінен алынған. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің департамент басшысы мен орынбасары тәртіптік жауапқа тартылған.

Сонымен бірге еліміздің барлық түзету мекемелері тексерілетіні хабарланған. Ал сөз болып отырған түзету мекемесінде 800-ден астам жазасын өтеуші жатыр. Қатал тәртіптегі колонияда кісі қанын жүктегендер, педофилдер, лаңкестер, атышулы іспен отырған қылмыскерлер бар. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің есебінше, жыл басынан бері бас еркінен айырылғандардан 600 ұялы телефон, 7 келі есірткі мен 40 литр спирттік ішімдік тәркіленген. Алматы облысындағы меншікті тілшіміз Қуаныш Қанатұлының Заречныйдағы түзету мекемелерінен материалы.  


Алматы облысы түзету мекемесі сотталғандар

Хабарламаларға жазылу