Президенттің төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті

25.10.2020

Президенттің төрағалығымен «Ақорда» резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өткен мәлім. Мемлекет басшысы ел азаматтарының тың тәсілдер мен тиімді шешімдер күтетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев берілетін бастапқы мәліметтердің сапасында, әсіресе, ведомстволық статистикада проблемалар барын айтты.  

Статистика жоспар құруға қажет алғышарттардың бірі. Демек дамуды айқындайтын бір базалық элемент. Ал «Не бар, не жоқ?» деген сауалдардың жауабы көзбояушылықпен толтырылса, бейнелеп айтқанда, бәрі картадан жасалғандай: үрлесең, ұшып кетеді... Статистика комитеті Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің қарамағаны өткені мәлім.

Кездесуде Президент «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жайында да айтты. Ол жұмыс барысында үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген азаматтардың бейтарап пікірлерін ескеру қажет деп, Кеңес шеңберінде реформалаудың әрбір бағыты бойынша алты жұмыс тобын құруды ұсынды.

Бірінші топ ақша-несие және бюджет саясатының тиімділігі, салық жүйесі, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты міндеттерді қарайтын макроэкономикалық саясат тобы, екіншісі -сот және құқық қорғау жүйесін реформалаумен айналысатын топ. Мемлекет басшысы әлеуметтік саланы қайта жаңғыртуға арнайы топ жұмылдырылатынын айтты. Өзінің тікелей тапсырмасымен Әлеуметтік кодекстің әзірленіп жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру бойынша да топ құрылады. Расында, бұдан басқа жол жоқ. Оны түсінетін пайым бүгін пайда болған жоқ. Дегенмен Президент айтпақшы, шикізат өндіру, алып-сатумен айналысу және мемлекеттік тапсырысқа «иек артып отыру» әлі де әлдеқайда тиімді... Бесінші топ бизнесті реттеу, алтыншы топ заманауи мемлекеттік басқару және тиімді мемлекеттік қызмет мәселелерімен айналысады.


Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы кеңес

Хабарламаларға жазылу