Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры 86-шы маусымын ашты
Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры араға жеті айға жуық уақыт салып көрерменмен қайта қауышты. 86-маусымның шымылдығы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына орай сахналанған «Өмір өзен» қойылымының премьерасымен ашылды.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:Жеті ай бұрын карантинге байланысты театрдың жұмысы тоқтап, ұжым онлайн форматта өнер көрсетті. Әртістер әлеуметтік желі арқылы көрерменге, оның ішінде балалар үшін де түрлі мағыналы қойылымдар ұсынған. Ал бүгінгі премьераға келсек, «Өмір өзен» туындысы қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған. Шәмші әндері түрлі элементтермен толықтырыла келе, жаңа бағытта ұсынылмақ. Негізі бұл қойылымда қос ғашықтың махаббат хикаясы суреттеледі. Соның аясында қуыршақтардың қатысуымен композитордың шығармалары да орындалады.Премьераны тамашалау үшін залдың 50 пайызына ғана билет сатылған. Сонымен қатар, бұл қуыршақ театры болғаннан кейін балалардың да қауіпсіздігі үшін жағдай жасалған. Алдыңғы қатарларға тек екі адамнан отыруға рұқсат берілген. Көрермен толықтай тексерістен өткеннен кейін залға жіберіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады
23.09.2026, 12:26
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04