Шудағы полицейлердің атысы: Жансақтау бөліміне түскен тәртіп сақшысы есін жиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шудағы полицейлердің атысы: Жансақтау бөліміне түскен тәртіп сақшысы есін жиды

21.10.2020

Жамбыл облысындағы Шоқпар станциясында болған қарулы қақтығыста оққа ұшқан полицей реанимациядан хирургия бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы қалыпты. 

Еске сала кетейік, осыдан үш күн бұрын есірткі сатпақ болған желілік полиция қызметкерлерін қолға түсіру үшін арнайы операция жүргізілді. Тәртіп сақшылары Шу-Тараз автожолын жапты. Алайда сытылып кетпек болған күдіктілер арнайы бөлініс қызметкерін қасақана көлікпен қағып, дене жарақатын салған. Операция кезінде полицейлерге қару қолдануға тура келді. Күдікті үшеудің екеуі жараланып біреуі көз жұмды. Қолға түскені тергеу изоляторында. Ал ауруханадағы күдікті жақын күндері тергеуге алынады. 

Сәбит Әлдебай

Шудағы полицейлердің атысы жамбыл облысы

Хабарламаларға жазылу