Алматыдағы блокбекетте жараланған полиция қызметкері есін жиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы блокбекетте жараланған полиция қызметкері есін жиды

08.06.2020

Алматыда блокбекеттегі жол-көлік апатынан зардап шеккен полицей есін жиды. Дәрігерлер 26 жастағы Ербұлан Сейдазымның жағдайының тұрақты екенін айтады. Тәртіп сақшысы тура екі апта бұрын ауруханаға ауыр халде түскен. Тексеру барысында басы жарақаттанып, миы соққы алғаны анықталған. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Естеріңізде болса, Алматыда 25 мамыр күні таңғы сағат 5 жарымда BMW маркалы көлік жүргізушісі блокпостағы полиция көлігіне соғылған. Салдарынан екі тәртіп сақшысы көз жұмды. Жарақаттанған Ербұлан Сейдазым ауруханаға жеткізілген.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу