ATP Astana Open турнирі: Теннисшілер әр 4 күн сайын ПТР тест тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ATP Astana Open турнирі: Теннисшілер әр 4 күн сайын ПТР тест тапсырады

20.10.2020

Елордада бес күннен кейін басталатын теннис турнирінің қатысушылары әр 4 күн сайын ПТР тестілеуден өтеді. Бұл мақсатта 1500 сынама әзірленген. Елге келген спортшылар, коронавирусы жоғын дәлелдейтін анықтама әкелуі тиіс. Теннисшілерге қалаға экскурсияға шығуға да тыйым салынады. Олардың көбі Франциядан келеді. «ASTANA OPEN» қатысушылары арасында Испания, Сербия, АҚШ, Жапония, Үндістан азаматтары да бар. Аталмыш турнирдің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар. Ойынды тікелей эфирде «Qazsport» арнасы көрсетеді.

Фариза Мұсақызы

теннис Нұр-Сұлтан турнир ATP Astana Open

Хабарламаларға жазылу