Үкімет шешімі: Сенбі күндері сауда орталықтары жұмыс істейді. Кинотеатрлар ашылады

19.10.2020

Келесі аптадан бастап шетелге ұшатын әуе рейстердің саны қысқарады. Бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында COVID-пен күресудің қосымша шаралары қабылданды. Сонымен шешімге сай ел аумағына келгендердің барлығы ПТР-тестілеуден өтуге міндеттеледі. Әрі тестіден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күн деп белгіленді.

Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің қызметін жандандыруға қатысты да бірқатар шешім бекіді. Осы сенбіден бастап «жасыл» яғни тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде сауда үйлері, жабық базарлар, ойын-сауық орталықтары сағат беске дейін жұмыс істейді. Ал, келесі дүйсенбіден кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын көрермендерімен жұмысын қайта бастамақ. 

Айта кетейік, тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерге қазір: Шығыс, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары кіреді.   

Десе де, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд, компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға да тыйым салу жалғасады.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
-Көріп отырғандарымыздай әлем мемлекеттерінде коронавирустың таралуы бойынша жағдай тұрақсыз, ал Қазақстанда тұрақты болып тұр. Осы ретте санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауды қолға алып, вирустың таралуына жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. 

Ләйлә Дулатқызы  

Үкімет сауда орталықтары Кинотеатр

Хабарламаларға жазылу