Қарағанды облысында санитарлық бекеттер қойылды
Қарағанды облысында бүгіннен бастап санитарлық бекеттер жұмысқа кірісті. Өңірде карантиндік шектеулер күшейтілген.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Өңірде қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін карантиндік шектеулер күшейтілді. Бірінші кезекте облыс периметрінің 8 аумағына санитарлық бекеттер қойылды. Ол көрші облыстарда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуымен байланысты болып отыр. Біз қазір Қарағанды-Ақмола облыстарының аралығындағы санитарлық бекетте тұрмыз. Бұл республикалық маңыздағы жолмен тәулігіне 30 мыңға жуық көлік жүріп өтеді. Сондықтан мұнда санитарлық бекет көмегімен қауіпсіздікті бақылау маңызды.
Санитарлық бекеттер өңір бойынша Жезқазған, Приозерск қалаларында, Ұлытау, Қарқаралы, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров аудандарында орналасқан. Олардың барлығында бетон бөгеттер қойылған. Яғни, көліктер жылдамдығын азайтып, сәл кідіріс жасауы үшін. Дәрігерлер жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын, дене қызуын тексереді. Жұмыс қалыпты жүруде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06