Алматы облысында карантин күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында карантин күшейді

19.10.2020

Алматы облысында бүгін таңғы 07:00-ден карантиндік шектеулер күшейді. Қоғамдық көліктер тек кешкі 20:00-ге дейін жүре алады. Есесіне автобустардың жүру интервалы жиіледі. Ал бір отбасының мүшесі болмаса үш адамнан артық отыруға болмайды. Сондай-ақ жасы 65-тен асқан егде адамдардың жүріп-тұруына да шектеу қойылды. 

Асхат Шарапиев, Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Алматы облысында өткен тәулікте төрт жағдай тіркелді. Оның екеуі Ресей Федерациясынан келген адам. Екеуі профилактикалық мақсатпен тексерілген адам. 

Батыс Қазақстан облысында да шекарада бақылау күшейтілді. Бұдан былай облыс аумағын кесіп өтетін халықаралық жүк тасымалдаушылардың елді мекендерге аялдауына тыйым салынды. Сондай-ақ, шетелден келген өңір тұрғындары ПТР тесті болмаса карантиндік стационарға жатқызылады. Бұған қоса өңірдегі сауда орындары, базарлардың жұмыс уақыты қысқарды. 

Ал Тараз қаласында енді түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін себепсіз жүруге болмайды. Ойын-сауық орындары мен кинотеатрлардың да жұмысы тоқтайды. Бірақ қоғамдық көлік әдеттегі кесте бойынша жұмыс істей береді.

Қуаныш Қанатұлы

коронавирус Алматы Жамбыл облысы Қостанай

Хабарламаларға жазылу