Алматыда Абай мерейтойына орай 175 түп қарағай отырғызылды
Алматыда ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 175 түп қарағай отырғызылды. Игі бастаманы қалалық әкімдік, саңыраулар қоғамы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы бірлесіп жүзеге асырды. 175 ағашты әскери курсанттар мен кез келген тұрғын өз еркімен отырғызды. Жалпы Алматыны көгалдандырудың 2020-2030 жылдарға арналған стратегиясы әзірленген болатын. Жобаға сәйкес 1 млн ағаш отырғызу жоспарда бар.
Тимур Елеусізов, «Қазақстанның экологиялық патрулі» ҚБ төрағасы:Ұлы ақынның мерейтойына орай аллея ашып, ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырдық. Пайдалы шара тұрғындардың жасыл желекті қорғау, табиғатты аялауға деген сезімін оятады деп ойлаймын. Бұл экосаябақта осыған дейін 2400 ағаш егілген. Енді 175 түп қарағай қосылды.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астаналық тазалықшыларға баспананың алғашқы жарнасын табыстады
01.04.2026, 17:12
Петропавлда «Эко IQ: Таза Қазақстан» интеллектуалды ойыны өткізілді
01.04.2026, 17:11
Жамбыл облысында бітелген бастаудың көзі ашылды
01.04.2026, 17:10
Алматыда ғылым апталығы басталды
01.04.2026, 17:09
Өскеменде UEFA талабына сай жабық футбол стадионы салынады
01.04.2026, 17:08
Ақтөбе облысының шалғай ауылында медпункт ашылды
01.04.2026, 17:07
Павлодарда есірткі саудалаған 521 контент бұғатталды
01.04.2026, 17:06
Ақмола облысында ірі ет кластері құрылады
01.04.2026, 17:05